БАЛАҒА ҚАЛАЙ ДЕМ САЛАМЫЗ?
Баланың басын не ауырған жерін ұстап отырып төмендегі сүрелер мен дұғаларды оқисыз және әр сүре аяқталған кезде балаға үрлейсіз:
1. «Фатиxа» сүресін 7 рет оқу;
2. Аятул Курсиді («Бақара» сүресі, 255-аят) 3 рет оқу;
3. «Кәфирун» сүресін 1 рет оқу;
4. «Ықылас» сүресін 3 рет оқу;
5. «Фәләқ» сүресін 3 рет оқу;
6. «Нас» сүресін 3 рет оқу.
Кейін мына дұғаларды оқыса болады:
1. "Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ"
Мағынасы: Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын.
2. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н)"
Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер!
3. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, бийәдикәш-шифәә, лә кәшифә ләһу иллә Әнтә"
Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ.
____________________________________
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #бала #демсалу #балаға_дем_салу